
2022 жылғы 23 тамызда Глубокое ауданы Белоусовка кенті Заводская көшесі мекенжайы бойынша ЖШС аумағында қойма ретінде пайдаланылатын бір қабатты ғимаратта 80 ш.м. алаңда ағаш конструкциялар өртенген. Өрттің себебі- жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерін бұзу болып табылады. Өрт орнында Глубокое ауданының және Өскемен қаласының өрт сөндірушілері жұмыс істеді, өртке қарсы қызмет гарнизонының жеке құрамынан 6 АЦ, 14 адам және кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы күштерінің жеке құрамы жұмылдырылды.
Аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды және өрт болған жағдайда "101" немесе "112"нөмірлеріне дереу хабарласуларыңызды сұраймыз.