Үй қауіп-қатердің емес, жылулық пен жайлылықтың көзі болуы керек!

Үй қауіп-қатердің емес, жылулық пен жайлылықтың көзі болуы керек!

Алдағы жылыту кезеңіне байланысты, өрт санын азайту мақсатында Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуде. Өртке қарсы нұсқамаларды жүргізу мақсатында елді мекендердің аулаларын аралап, тұрғын үй секторларын аралау ұйымдастырылды, халыққа пеш және газ жабдығын орнату және пайдалану, электр жабдықтары мен газ баллон қондырғыларын қауіпсіз пайдалану бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге ерекше назар аударылды. Барлық білім беру ұйымдарында өртке қарсы іс-шаралар кешені ұйымдастырылған, атап айтқанда мектеп линейкаларында, сынып сағаттарында және ата-аналар жиналыстарында балалардың отпен ойнауынан өрттердің алдын алуға бағытталған алдын алу әңгімелері жүргізіледі. Бүгінгі таңда мамандар 1660 әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың аулаларына аралау жүргізіпіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратты.

         Суық ауа райының басталумен біздің ауданның жергілікті тұрғындар жылу беру маусымына белсенді дайындық үстінде. Егер сізде үй жылыту пеші болса, маусымның басталуына дейін мыналарды орындау қажет:   

  • Түтін мұржалары мен пештерді ыстан тазалау.
  • Сызат пен жарықтары бар пеш мен құбырды пайдаланбау.
  • Пеш жағар кезде металл парағын орнату қажет.
  • Пеш үстіне киім мен отынды кептірмеу.

Өзіңіздің қауіпсіздігіңізге жауапты екендігіңізді есте сақтаған жөн.