
Шығыс Қазақстанда ШҚО ТЖД құтқарушылары жылыту маусымына дайындықты бастады. Бірінші кезекте бақылауға көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі және қарт азаматтар алынды.
1 тамыздан бастап ШҚО ТЖД құтқарушылары жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік шараларына азаматтарға нұсқау беру үшін жоғарыда көрсетілген мекенжайлардан 2700 астам аралауды жүзеге асырды. Пешті қыста қалай дайындау керек және оны үйде өрт шығармай қалай қауіпсіз жылыту керек деген ұсыныстар берілген.
Әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың тұрғын үйлерін тексергеннен кейін ШҚО ТЖД мамандары екінші кезеңді бастайды, онда улы газ датчиктерін орнатады. "Улы газ датчиктері үлкен нәтиже берді. Соңғы үш жылда осы құрылғылардың 7-нің іске қосылуы тіркелді, нәтижесінде 30 адам, оның ішінде 23 бала құтқарылды", – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Кейіннен барлық жылыту кезеңінде 2023 жылдың сәуіріне дейін пешпен жылытылатын барлық тұрғын үйлерге нұсқаулықтар мен аралау жүргізіледі.
Өңірде жыл басынан бері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған жағдайынан 306 пеш өрті орын алды, ақауы бар пештерді қолдану әсерінен 9 азамат улы газдан зардап шекті.
ШҚО ТЖД пештерді пайдалану кезінде улы газбен уланудың алдын алуды еске салды:
- жылыту пештерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа да элементтері тікелей жылу беру алдында, сондай – ақ жылыту маусымы кезінде – үш айда бір реттен сиретпей, үздіксіз жұмыс істейтін пештер үшін екі айда бір реттен сиретпей күйеден тазартылады;
- түтін арналары өтетін шатырларда және үй-жайларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктеледі;
- жылыту пешінің алдында көлемі 50*70 см металл от алдыру парағы болуы тиіс;
- қызған күл мен қожды оттықтан шығарғаннан кейін олар үшін арнайы бөлінген орынға шығарады және сумен сөндіріледі.
Пешті қауіпсіз пайдаланудың маңызды факторы - жылыту пешінің дұрыс орналасуы. Сонымен, жылыту пешінде жанғыш құрылымдардан нормалармен белгіленген өртке қарсы бөлу (шегініс) болуы керек.