
22 тамызда Алтай қаласының ТЖ қызметіне Панфилов көшесінде күшіктер бетон плиталардың астында қалып қойғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына келген 2-МӨСБ қызметкерлері жануарлардың қыңсылдаған дауыстарын естіді. Құтқару жұмыстарының барлық кешенін жүргізуге тура келді. Авариялық-құтқару автомобилінің арнайы кран-манипулятор қондырғысының көмегімен құтқарушылар бейшара жануарлар қалып қалған бірнеше ауыр бетон плиталардан құралған қоршауды көтерді. Оларды шұңқырдан мұқият алып шықты. Бүкіл операцияның барысын жақын маңдағы балалар бақылап отырды, олар құтқарылған күшіктерге қатты қуанды.
ШҚО ТЖД естеріңізге салады: төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.