
ШҚО ТЖД қызметкерлері «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты. Өскемендегі көп балалы отбасыларға құтқарушылар балаларды мектепке жинауға көмектесті.
«Бұл акцияға жыл сайын қатысамыз, қиын уақытта көмектесу құтқарушылар үшін бұл ауқымды дәстүр болып табылады. «Балалар жылында» бұл әсіресе жағымды. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар ерекше қамқорлықта. Жыл сайын акцияға қатысушылар саны артып келеді», - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.
Осы жылы ШҚО ТЖД қызметкерлері Бисимбаевтар мен Шушиниковтар отбасына рюкзактар мен кеңсе тауарларын сатып алуға көмектесті. Дина Бисимбаева төрт бала тәрбиелеп отырған отбасында, ал Илья Шушиников 5 ағайындының арасында өсіп келеді және құтқарушылар жинаған портфельдің екі иесі де бірінші сыныпқа барады.
Қауіпсіздіктің алдын алу үшін құтқарушылар мектеп оқушыларының рюкзактарын өрт кезіндегі тәртіп ережелері көрсетілген жиынтықтармен жабдықтады.
Бұдан басқа акцияға ШҚО ТЖД әрбір аудандық бөлімшесі қатысады. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі