«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»

2022 жылдың 17 тамызында «АМАНАТ» партиясы Өскемен қалалық филиалының мәжіліс залындаӨскемен қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге «АМАНАТ» партиясы Өскемен қалалық филиалының жауапты хатшысы Есімбекова А.Қ., Өскемен қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Бақытханұлы С., сондай-ақ Өскемен қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы қатысты.«АМАНАТ» партиясының жауапты хатшысы А.Қ.Есимбекова «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізгі ережелеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің рөлі туралы және сыбайлас жемқорлық, қызметтік бабын  теріс пайдалану және құқық бұзушылықтарды туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы айтып өтті.Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Бақытханұлы «АМАНАТ» партиясы қалалық филиалының жауапты хатшысы А.Қ.Есімбековаға алғысын білдіріп, сонымен қатар қызметкерлерді заңдылықты қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырды.