Автокөліктерде өрт қауіпсіздігін сақтау!

Автокөліктерде өрт қауіпсіздігін сақтау!

таңда автокөліктерде өрт қауіпсіздік ережелері көп жерде сақталмайды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету-адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі.

Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі  автокөлікте өрт пайда болған жағдайда,  не істеу керек екеніне назар аударып, көлік иелеріне арналған мынадай сақтық ережелерін ұсынады:

Құрметті автокөлік иелері!

  • Автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
  • Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе, электрсымдарға баса назар аударыңыз;
  • Өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;
  • Практика көрсеткіші бойынша, өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмірқышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.

Егер сіздің автокөлігіңізде өрт пайда болған жағдайда:

  • Өрт шалған уақытта тез арада көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, капотқа жақындатып шашыңыз;
  • егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз;
  • жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жапсаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін;
  • жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін, оны су мен көбік немесе топырақ сеуіп тастау керек;
  • егер көлігіңізден өрт шықса, аккумулятордың клемасын ажыратып тастаңыз.

Өрт шыққан жағдайда, дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Зайсан ауданының ТЖБ бастығы

азаматтық қорғау

подполковнигі А.М.Нурбаев