
Риддер қаласында демалыс және жазғы демалыс кезеңі жалғасуда. Қазіргі уақытта ауа-райы аздап салқындады, бірақ, судың жанында мүмкіндік әсем табиғатпен тамсанып демалуға әлі мүмкіндік бар.
Риддер қ.ТЖ басқармасының қызметкерлері суға шомылу кезеңінде су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында "ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі"ММ Риддер қ. 1-МӨСБ және 14-ӨСБ қызметкерлері қатысатын күнделікті рейдтік іс-шараларды өткізуді жалғастыруда.
Рейд жүргізу кезінде демалушыларға жадынамалар табысталады, судың жанында болған кездегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі, тәртіп бұзушылар анықталады.
Аталған жумыстар барысында 15 тамызда Быструшинск су қоймасында "Казцинк" ЖШС қызметкерлерімен әңгіме жүргізілді.
Риддер қ. ТЖБ су қоймаларында демалу барысында жалпыға белгілі суға шомылу ережелерін сақтау азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігінің кепілі болып табылатынын еске салады!
Риддер қ. ТЖБ