Құтқарушылар қамалып қалған әжеге көмектесті

Құтқарушылар қамалып қалған әжеге көмектесті

Глубокое кентінде  құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп есікті өз бетінше аша алмаған әйел адамға көмектесті. 14 тамыз күні сағат 17.20 шамасында Глубокое кентінің 23-ӨСБ-не егде жастағы әйелдің пәтер есігін өзі аша алмай қамалып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар үш иінді баспалдақтың көмегімен үшінші қабаттың балконына көтеріліп, терезеден пәтерге кірді. Құтқарушылар үйде қамалып қалған әженің  есігін ішінен ашып берді, одан әрі олардың көмегі қажет болған жоқ.

Глубокое ауданының ТЖБ тұрғындардан қырағы болуды және балалар мен қарт адамдарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

 

Глубокое ауданының ТЖБ