Судағы қауіпсіздік шаралары жалғасуда

Судағы қауіпсіздік шаралары жалғасуда

Судағы қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, су айдындарындағы оқиғалар жалғасуда. Қазіргі таңда ШығысҚазақстан облысында суға шомылу маусымында 6 адам суға кетіп отыр.  

Халықты ескерту және суда төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында Ұлан ауданының төтенше жағдайлар қызметкерлері полиция қызметкерлері және еріктілер бірлесіп күнделікті  ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Суға шомылу маусымынан бастап бүгінге дейін  суға шомылу орындарында 100 ден астам орынға патрульдеу жұмыстары жүргізіліп 4120 адамға жандынама таратылды.

Құтқарушылар еске салады!

Демалыс орындарында су айдынында болған кезде келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:

- жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмауға болмайды;

- суға кірмеуге және алкогольдік және есірткілік мас күйде шомылуға болмайды;

- балаларды қараусыз қалдырмауға болмайды;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеуге болмайды;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;

- жүзудің шекарасын белгілейтін орыннан асып жүзбеуге болмайды;

- жағадан алыс жүзбеңіз, өз күшіңізді асыра бағаламаңыз;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге болмайды;

- тәуліктің қараңғы уақытында шомылмауға болмайды;

- жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болмауға тиіс.

 

Ұлан ауданы ТЖБ