Шекара қызметінің қызметкерлеріне жадынамалар таратылды

Шекара қызметінің қызметкерлеріне жадынамалар таратылды

ТЖМ қызметкерлері халықты судағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттандыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл жолы Глубокое ауданының ТЖ бөлімінің мамандары Шекара қызметінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жазғы уақытта судағы қауіпсіздік ережелері туралы жадынамаларды табыстады және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін су қоймасының түріне қарамастан судағы қауіпсіздік шаралары мен жүріс-тұрыс ережелерін білуге және міндетті түрде сақтауға шақырды. Суға шомылу маусымының басынан аудан тұрғындарымен 5 жиын, 9 интерактивті сабақ, 412 рейд өткізілді, оқу орындарында 28 қауіпсіздік бұрышы орнатылды, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы 1070 жадынама таратылды.

Айта кету керек, рұқсат етілмеген жағажайлар шомылу үшін қауіпті, өйткені түбі зерттелмеген және дұрыс жабдықталмаған, мұндай жерлерде адамдар өлімі де жиі болып жатады.​ ​

Глубокое ауданының ТЖБ судағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364 (ортақ су пайдалану ережелерін бұзу), 412 (су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау), 440 (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) баптары бойынша әкімшілік жаза қолдану және әкімшілік тыйым салу көзделгенін ескертеді.

Төтенше оқиға болған кезде «101» және «112» телефондарына қоңырау шалыңыз!

 

Глубокое ауданының ТЖБ