
Ол 2022 жылдың 14 тамызында 18 сағат 26 минутта Ертіс өзенінен жүзіп өтуге тырысқан. Оны жақын жерде болған балықшылардың бірі байқап қалып 112 қызметін шақырған. Бас құтқарушы Вадим Антропов оқиға орнына қайықпен жедел келіп, жағаға жетуге тырысқан жігітті судан алып шықты. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.Оны жедел жәрдем дәрігерлері қарап шықты.
ШҚО ТЖД азаматтарға қырағы болуды ескертеді.Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.Ешқандай жағдайда суға мас күйде түсуге болмайды.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз