
Пеште ұмытылған тамақ Қабанбай батыр көшесіндегі өрттің шығуына себеп болды. Көп пәтерлі үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерде иесі тамақты пеште қалдырып ұйықтап аалды. Келген өрт сөндірушілер қауіпті жойды.
"2022 жылдың басынан бастап өрт сөндірушілер осындай жағдайларға 57 рет барған. Пеште тамақтың жануы зиянсыз құбылыс емес. Кішкентай балалар, қарт адамдар, тыныс алу аурулары бар адамдар түтіннен зардап шегеді, ал тамақ жағылған пәтердің иесі осы уақытта дүкенде, көршілерде немесе бей-жай ұйықтап жатады. Ең жаманы ол жану өнімдерімен уланып, ешқашан оянбай қалуы да мүмкін. Өртке әкелуі мүмкін плитада тамақ қалдырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 410 - бабы бойынша ескерту түрінде немесе жеке тұлғаларға 5 АЕК түрінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Көбінесе, жұмыстан не ауысымынан келгенде, адам пешке тамақ қояды да, ол қызған кезде басқа бөлмеде ұйықтап қалады. Қосылып тұрған пеште тамақ қойып кететін ұмытшақ азаматтардың тағы бір санаты - қарт адамдар, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылар мен күні бойы үйден кетіп бара жатқанда пеште тамақ қалдыратындар бар. Жоғары температураның немесе кездейсоқ ұшқынның әсерінен пештен шыққан от перделерге, жиһаздарға және т. б. оңай ауыса алады.
ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Үйден шыққан кезде электр құралдарын қосулы қалдырмау, ашық отпен абай болу және алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.
Пісіру кезінде:
Ас үйден шықпаңыз, дайындалған тағамды қараусыз қалдырмаңыз.
Плитаның жанында сүлгілерді, қағазды, ілгектерді және басқа да жанғыш заттарды қоймаңыз.
Табаны үштен бір бөліктен аспайтын маймен толтырыңыз. Май-350 С жоғары температурада өздігінен тұтанатын жанғыш сұйықтық.
Электр кабельдерін пештен алыс ұстаңыз.
Перделердің жанында жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі