Глубокое ауданында ТЖК отырысы өтті

Глубокое ауданында ТЖК отырысы өтті

2022 жылғы 09 тамызында Глубокое ауданының әкімі Э.Л. Тумашиновтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда ауданның ТЖ алдын алу бойынша бірқатар мәселелер талқыланды:

​         Отырысқа ауданның мүдделі мемлекеттік органдарының, мекемелері мен кәсіпорындарының өкілдері, кенттер мен ауылдық округтердің Әкімдері қатысты.

- Орман-дала өрттерінен өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- Елді мекендерде сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру (жөндеу) мәселелері бойынша;

- Газ жабдықтарын пайдалану туралы;

- Қорғаныс құрылыстарының дайындық жағдайы туралы
- 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы;

- 2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңінде улы газбен уланудан адамдардың қаза табуы мен жарақаттануын болдырмау және улы газбен уланудан алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізу туралы.

Отырыс қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар мен оқиғаларды барынша азайту, адам құрбандары мен материалдық залалды азайту мақсатында тиісті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берілді. 2022 жылдың басынан ауданда ТЖ бойынша комиссияның 6 отырысы өткізілді.

 

Глубокое ауданының ТЖБ