Өрт-құтқару спортынан жарыс!

Өрт-құтқару спортынан жарыс!

Зайсан қаласының № 25 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыстар өтті. Жарыстың басты мақсаты жазғы-күзгі өрт қауіпті кезеңінің басталуына байланысты орман және дала өрттерін сөндіру кезінде өрт сөндірушілердің іс-қимылдарды жетілдіру. Аталған жарыс өрт-құтқару спорты бойынша үш түрінен өтті, атап айтқанда: жауынгерлік киім кию, үш иінді сатыны оқу мұнарасының үшінші қабатына орнату және жауынгерлік қанат жаю.Өткізілген жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға мақтау қағаздары табысталды.

                                                                         Зайсан ауданының ТЖБ