Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі

2022 жылдың 04-09 тамыз аралығында, Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлері және №25 ӨСБ-нің жеке құрамы бірлесіп, жылыту маусымында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, тұрғын үй секторында рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейд барысында жылу беру маусымында жылыту пештерін пайдалану және электржылыту құрылғыларын пайдалану бойынша ұсыныстар берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі жағдайына ерекше көңіл бөлінді және түтін датчиктері орнатылды, бұрын орнатылған датчиктердің жұмысқа жарамдылығы тексерілді.

Рейдтік іс-шарада 70 тұрғын үй қамтылып, тұрғындарға ТЖ кезінде қауіпсіздікті сақтау бойынша 70  дана жадынама берілді.