
Балалардың отқа деген қызығушылықтары ерте жастан көрінеді, бұл үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан, дамудың ерте кезеңінде, 2-3 жастан бастап, баланың мінез-құлқын бақылап қана қоймай, қоршаған заттармен жұмыс істеу ережелерін түсіндіру қажет: тұрмыстық техника, электр қондырғылары, сіріңкілер, тұтандырғыш. Бұл жаста үйренген білім шартты рефлекс болады.
2022 жылдың 08 тамызында Катонқарағай ауданының ТЖБ қызметкерлері Үлкен Нарын ауылының ойын алаңында профилактикалық іс-шаралар өткізді, балаларға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін, өрт болған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндірді.
Құрметті ата-аналар! Балалардың қолына сіріңке алмайтынына қатаң түрде көз жеткізіңіз. Оларды ересектердің бақылауынсыз электр жылыту құрылғыларын, газ плиталарын пайдалануға жол бермеу керек. Бүлдіршіндерді ешбір жағдайда жалғыз қалдырмаңыз, әсіресе газ жанып, пеш жанса, теледидар және басқа да электр қондырғылары жұмыс істесе. Оларға жаман үлгі көрсетпеңіз: алдында темекі шекпеңіз, темекі тұқылдарын лақтырмаңыз, қараңғы бөлмелерді жарықтандыру үшін қағазды жақпаңыз. Сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз. Есіңізде болсын: кішкене абайсыздық үлкен қиындыққа әкелуі мүмкін.