
08 тамыз күні сағат 19: 11-де Солнечный кентінде Мир көшесінде жеке тұрғын үйде 108 ш.м. алаңдаүй шатырының ағаш конструкциялары, сондай-ақ 12 ш. м. алаңда шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді. Өрт орнына жетіп келген өрт сөндірушілер 120 ш.м аудандағы өртті сөндірді. Жалпы өртке 3 өрт сөндіру автокөлігi және 10 адам жеке құрам қатысты. Өрттің алдын ала себебі-пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
09 Тамызда 03 сағат 57 минутта Прапорщиково кентінде, Новый тұйық көшесінде жеке тұрғын үйде ағаш шатыр құрылымдары, төбе жабыны, қабырғалар, жиһаз, терезе есік блоктары және жеке заттар жанып кетті. Өрт сөндірушілер 208 ш. м. алаңда өртті сөндіре алды, өртті сөндіруге 4 бірлік техника мен жеке құрамнан 16 адам тартылды. Өрттің алдын ала себептері: 1) Электр жабдығын монтаждау және пайдалану кезіндегі ӨҚЕБ; 2) Электр жабдығының авариялық режимі.
ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Барлық өрттердің 45%- ы өрт қауіпсіздігі қағидаларын білмейтін немесе жауапсыз орындайтын адамдардың кінәсінен туындайды. Алдын алудың жалғыз шарасы - қарапайым сақтық шаралары, отты пайдалану кезінде адамдардың жүріс - тұрыс мәдениетін арттыру.
Өрт шыққан жағдайда 101 телефоны бойынша дереу хабарлау қажет. Тыныс алу органдарын дымқыл шүберекпен жауып, түтіндеген үй - жайдан кетуге тырысыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі