Өскеменде ең спорттық өрт сөндірушілер таңдалды.

Өскеменде ең спорттық өрт сөндірушілер таңдалды.

Өскеменде өрт сөндіру бөлімдерінің бірінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс өтті.
       Оған Ұлан және Глубокое ауданының бөлімшелерін қосқанда 10 команда қатысты. Қатысушылар кедергілермен жүз метрге жүгіру, оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне үш иінді сатымен көтерілу, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін уақытқа кию  кезеңдері  бойынша сайысқа түсті:
      "Өрт сөндіру-құтқару спорты қолданбалы спорт түрі болып табылады, ол өрт сөндірушілердің жауынгерлік әзірлігін арттырады және өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылады. Баспалдақтың салмағы 45 келі, ұзындығы 10 метрден асады. Бірнеше секунд ішінде спортшылар оқу мұнарасының 3-ші қабатына көтеріледі, сондықтан оларға үздік нәтиже көрсету үшін жылдамдық, күш және икемділік қажет", - деп атап өтті ШҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев.
       Қиын күрестің нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері, екінші орын №9 ӨСБ өрт сөндірушілері және үшінші орын №5 ӨСБ өрт сөндірушілері иеленді.
            Дәл осы құтқарушылар мен өрт сөндірушілер кезеңдерден өте жақсы нәтиже көрсетіп, қателіктер жібермеді және төтенше жағдайларды жою кезінде қажетті кәсіби шеберліктерін көрсетті.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі