Өскеменде екі ер адам тұрғын үйдегі өртті сөндірді

Өскеменде екі ер адам тұрғын үйдегі өртті сөндірді

Баклажанная көшесінде тұрғын үй өртенді. Жалынды  байқап қалған көршілері Нұрлан Қайратұлы мен Ербол Сәдуақасов құтқарушыларды күтпестен көмекке ұмтылды.Бақытымызға орай, тұрғын үйде ешкім болған жоқ, олар оттан газ баллонын алып шығып, үйлесімді әрекет етіп, жалынды сөндірген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері бақылау жасады. Жалпы жану аумағы 10 ш. м. құрады
Оқиғаның себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарлау қажет.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі