
2022 жылғы 05 тамызда ШҚО ТЖД ZOOM құралдары бойынша ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының инспекторлық құрамымен және аумақтық бөлімшелерімен Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша сабақтар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілі Гүлнұр Бекбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін түсіндіріп, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу шараларын өткізді.
ШҚО ТЖД қызметкерлері белсенді түрде сұрақтар қойып, ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілінен толық ақпарат алды. Іс шарада
мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзара іс-қимыл жасау және осы маңызды бағытта көмек көрсету туралы шешім қабылдады.