Пешті жазда қамда!

Пешті жазда қамда!

Азаматтық қорғау қызметкерлері жылыту кезеңі басталғанға дейін біраз уақыт бұрын жылыту маусымы алдында тұрғын үй секторында өрттердің алдын алуға бағытталған іс-шараларды бастап кетеді. 1 тамыздан бастап Глубокое ауданының құтқарушылары әлеуметтік осал азаматтардың, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, зейнеткерлер мен мүгедектердің тұрғын үйлеріне рейдтік аралау жүргізеді. Мақсаты - өрттің, жарақаттанудың және адам өлімінің алдын алу. Көбінесе өрт адамдар өрт қауіпсіздігін тиісті түрде қамтамасыз ете алмайтын тұрғын үйлерде болып жатады. Өткен тәулікте мамандар 18 тұрғын үйге аралау жүргізді, 43 адамды қамтумен 18 профилактикалық әңгімелесу өткізді. Пештi пайдалану және электр аспаптарын қолдану ережелерін түсіндірді, иелеріне өрт қауіпсіздігінің анықталған бұзушылықтарын көрсетіп, оларды қалай дұрыс түзетуге болатыны жайлы кеңес берді. Глубокое ауданының ТЖБ барлық азаматтарға қырағы болуды және өрттерді болдырмау бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдауды сұрайды.

Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалу қажет.

 

Глубокое ауданының ТЖБ