Өрт сөндірушілердің еңбегі ерен!

Өрт сөндірушілердің еңбегі ерен!

Жаз мезгілі-өрт қауіпінің күшейетін кезі. «Тілсіз жаудың » адам мен орын таңдамайтыны белгілі. Ата-бабаларымыз «жеті жұттың» біріне санаған өрт апатын, шындығында, тілсіз жаудеуге тұрарлық. 24 шілде күні Көкқора елдімекенде өрт шығып, Зайсан қаласы № 25 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 2 сағатқа жеткізбей, «тілсіз жаудың» бетін қайтарды. Оқиғаның мән-жайын сол елді мекенде мал жайып жүрген Тұрысбек Әбіш ағамыз былай деп баяндады:
- 24 шілде күні кешкі уақыттарды Көкқора елдімекенінде өрт шықты. «Тілсіз жауды» тойтару үшін, аудандық маслихаттың депутаты Манарбек Бошақов өрт сөндірушілерді оқиға орнына жаяу бастап барды. Менің өзім ол жерге атпен әрең барғанымда, өз өмірлерін қатерге тіккен өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің бұл әрекеттерін ерлікке балар едім. Халық өз қызметтеріне адал, әрі жауапты мамандық иелерінің мәртебесін жете түсінсе деймін. Қауіптің бетін дер кезінде қайтарған Зайсан қаласы № 25 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Е. Сериков, бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Е. Елжасов, жүргізуші-қызметкер азаматтық қорғау старшинасы Р. Итибаев, жүргізуші қызметкер азаматтық қорғау аға сержанты Р. Тоқанов, өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Ж. Данияров, өрт сөндіруші-құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Е. Сейлхановқа және аудандық мәслихат депутаты М. Бошақовқа үлкен алғысымды білдіремін,-дейді Ә. Тұрысбек.
Расында да, табиғат пен оның перзентің қорғауда өз өмірлерін бәске тігіп, қызметтерін абыроймен атқарып жүрген өрт сөндірушілердің еңбегі қашанда ерен болмақ. Тәуліктің кез келген уақытында тілсіз жауды құрықтау үшін, еңбек етіп жүрген сіздерге зор алғысымызды білдіреміз!
Ал табиғатты қорғау –баршамыздың міндетіміз екенін естен шығармайық. Сондықтан, қай жерде жүрсек те, өрттің алдын алу қауіпсіздік шараларын сақтап, естен шығармағанымыз жөн.