
Шығыс Қазақстан облысы бойынша су айдындарында шомылу маусымында 18 қайғылы оқиғалар тіркелді, оның 5-і Ұлан ауданы аумағында. Олар:Сібе көлінде-2 адам, Алебастр су қоймасында-1 адам, Аблакетка өзені бойындағы су қоймада -1 адам, Қасым Қайсенов кентінде котлованда -1 адам. Барлық оқыс оқиғалар суға түсуге арналып жабдықталмаған орындарда орын алып отыр.
Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ауданымыздың тұрғындары мен қонақтарына мынаны ескертеді:
- демалыста өзіңізге және жақындарыңызға өте мұқият болыңыз және суда жүру ережелерін сақтаңыз:
- жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз,
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- мас күйінде шомылмаңыз.
- белгісіз жерде суға секіру немесе сүңгу қауіпті;
-қалқымалардың асып жүзбеңіз;
-тоңып қалмаңыз және күн өтіп кетпесін. Егер су температурасы +18 º С төмен боласа, шомылмаңыз;
- жалғыз және қараңғы уақытта шомылмаңыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.
Ұлан ауданының ТЖБ