Зайсан аудан төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

Зайсан аудан төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

Жазғы ауа райының келуіне байланысты суға шомылуға, кезең келді. Өзендер мен су айдындары да қауіпсіздік ережелерін сақтайтын шомылушыларды жақсы көреді, «сақтансаң сақтайды» демекші, шомылу қағидаларын ескерген абзал.
Сонымен: Зайсан аудандық төтенше жағдайлар бөлімі еске салады
-суда жүзе алсаңыз да жалғыз суға шомылуға болмайды;
-масыңқы күйде суға шомылуға түбегейлі тыйым салынады;
-белгіленген жағалық жолақтан асып шомылуға тыйым салынады;
-балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.
Шомылу кезінде міндетті түрде сәбилерге сақ болыңыздар. Олардың жағалаудан жырақтауына жол бермеңіздер. Бала жүзе алған жағдайда да қасынан табылған жөн. Суда балалардың аяғы тартылып қалған жағдайлар да болған. Балалардың өз беттерінше, ересектердің қадағалауынсыз үрлемелі дөңгелектер, матрастармен шомылуына жол бермеңіздер. Біріншіден, оларды үнемі толқын алып кетеді, екіншіден, үрлемелі құралдарынан аударылып қалып, су түбінде бала жалғыз қалып қойған жағдайлар да орын алған.