Өрт қауіпсіздiгі

Өрт қауіпсіздiгі

Орман және дала алқаптарында өрттің алдын алу мақсатында   Жарма ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында рейд жүргізіді. Рейд барысында аудан тұрғындарының ауыл шаруашылық көлік құралдарын иелерімен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертті.
Сонымен қатар,
өрттің басым бөлігі ауыл шаруашылығындағы өрттерден, ауылшаруашылық көлік құралдары сөндіргіштерінің ұшқынынан, қоқысты жағудан, демалыс орындарында қараусыз қалған оттан, жанып жатқан сіріңкені лақтырудан, сөндірілмеген темекіден, тастап кеткен шыны сынықтарынан тұтанатынын атап айтты.