ШҚО ТЖД құтқарушылары суицидтің алдын алды

ШҚО ТЖД құтқарушылары суицидтің алдын алды

29 шілде күні сағат 00.05-те Өскеменде "112" қызметіне қоңырау келіп түсті, Спорт сарайы ауданында ер адам жаяу жүргіншілер көпіріне көтеріліп, сол жерден секірмек болды. Оқиға орнына шұғыл түрде ШҚО ТЖД құтқарушылары келді, олар көпірге көтеріліп, 1999 жылы туған жігітке жетіп, онымен әңгіме бастады , оның жай- күйі қалыпсыз  жағдайда болды, секіремін, деп айқайлады. Сонымен қатар, ТЖ қызметінің қызметкерлері төменде "өмір кубын" тартып жатқанға жігіт алаңдап қалған кезде, оны  ұстап алып, сақтандыру үшін құтқару жабдығын кигізді. Біраз уақыттан кейін олар оны  баспалдақпен түсірді.
  Операцияға оқиға орнын қоршап алған және құтқару төсемін ұстауға көмектескен полиция қызметкерлері қатысты.
Қазіргі уақытта жағдайды анықтау үшін азамат  ішкі істер органдарына жіберілді.
ШҚО ТЖД төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлауды ЕСКЕРТЕДІ.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі