Өмірді сақтау үшін тәуекелмен жұмыс

Өмірді сақтау үшін тәуекелмен жұмыс

Өрт сөндіруші мамандығының батыл екендігіне ешкім дау айтпайды. Азаматтарды құтқару үшін өрт сөндірушілердің өмірін тәуекелге қоюы – әдеттегі жұмыс. Олардың батылдығы туралы үнемі жазады және айтады. Дабыл естілгенде, қажетті жабдықты алуға және кетуге бірнеше ондаған секунд бар: белгісіздікке, отқа, көмекке.

"Тұрғын үй секторындағы өрт әрдайым жоғары әсер ету аймағында. Түтін салдарынан нөлдік көрінуді ескере отырып, жайда бағдарлануды білу керек. Құрылыстардың құлауы, жану кезінде уытты материалдардың бөлінуі газ баллондары бар болуы мүмкін, - міне бұл өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін күтіп тұратын қауіптің кейбір тізбесі ғана», - деп айтты Өскемен қаласы ӨСБ №7 өрт сөндіруші Мирам Мұқышев.

Көбінесе өрт сөндірушілер газ баллондарын шығаруға мәжбүр болады. Тек жыл басынан бері облыста өрт кезінде қауіпті аймақтан 75 газ баллоны шығарылды.

 Осындай соңғы жағдайлардың бірі Өскеменде  22 шілдеде болды.  Жалпы ауданы 80 ш.м. болатын "Светоч" саяжай қоғамындағы үй өртенді. Шақыру орнына жедел келген құтқарушылар газ баллонын тауып, оны далаға шығарды, осылайша жарылыс пен оттың таралуын болдырмады.

"Өзім Кривонос көшесіндегі өртті есіме түсіремін, өткен жылы шаруашылық құрылыстары өртенген болатын. Қатты түтіндеу болды, үй ішіндегі өрт ошағының жанында газы бар баллонды тауып, оны суытып, далаға шығардым. Біз қауіпсіздік техникасын бұзбаймыз, бәрін дұрыс жасаймыз, алайда мұндай жағдайда әрқашан қауіп бар. Бізде осындай ерекше мамандық", - деп ой бөлісті Мирам Мұқышев. "Әрине, баллонды көрген алғашқы сәттерде тұрып қаласың, уайымдайсың, тіпті қорқасыңда, бірақта өзіңді бірден қолға алып, жұмысыңды жасайсың. Тек ақымақта ғана қорқыныш болмайды".

Таңдалған мамандыққа сәйкес болуға, өрт сөндірушілер дене бітімін сақтау үшін көп жаттығулар жасайды. Бөлімшелерде оларға арналған өрт кезінде туындауы мүмкін жағдайларды жасауға арналған арнайы бөлмелер жабдықталған. Сондай-ақ, бұл кәсіптің адамдары ересек және дербес адамдар болғанына қарамастан, олар уақыт өткен сайын партада өрт ісінің қыр-сырымен танысып, өрт апатымен күрестегі күрделі жағдайларды, нақты мысалдар мен оқиғаларды талдап отырады.

Киім арнайы матадан жасалған - арамидті, ол отта жанбайды және де тіпті қызбайды. Жинаққа қорғаныс кеудешесі, комбинезон, берік және ыңғайлы етік, қорғаныс ілмектері, жылу шағылыстырғыш костюм, пластмасса және металлдан жасалған дулыға кіреді.

Өрт сөндірушілер өздерінің жұмыс күндері мен кәсіптері туралы таратуға үйренбеген, сондықтан олар қызметтерін қарапайым атқарады және әрбір сәтті өткен жоюларға қуанышпен қарайды.

- Мирам, мамандыққа жаңа адамдар жиі келе ме?

- Олар, әрине келеді, бірақта әдетте бірінші сұрақ: "Сіздерде жалақы қандай?" Ал мұнда адамдар ақша үшін жұмыс істемейді. Әдетте адамның жұмыс істейтінін немесе істемейтінін бірден көруге болады.

- Егер адам командада қалса, алдымен оған не үйретіледі?

- Көп нәрсеге үйретеді, өзімде содан өттім. Тіпті командада жұмыс істеуді де.

- Ал командада жұмыс істеу нені білдіреді?

- Біз командадан тұрамыз. Сондықтан, егер рация жауап бермесе, балалар жоғалып кеткендерге баруға дайындалады. Сіз бәріне алаңдайсыз: тек жоғалтпау үшін! Мұнда – біз отбасымыз.

Өрт сөндірушілер сусыз келеді деген әңгімелер - ол өтірік. Бөлімге оралғанда, біз алдымен пайдаланылған машинаны сумен толтырамыз, содан кейін ғана диспетчерге қоңырау шалып, келесі сапарға дайын екенімізді хабарлаймыз.

Ең көбі бір тәулік ішінде мен 7 өртке шықтым.

Өрт сөндірушілер бір-біріне өте мейірімді. Қауіп бізді жақындастырады. Сіз отқа баратын адамды жақсы білуіңіз керек.

 

Қауіпсіздік үшін:

     ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын еске салады:

1.Тек жарамды газ құралдарын пайдалану және оларды таза ұстау. Қараусыз қалдырмау, сондай-ақ түнде жанып тұрған газ құралдарын қалдырмаңыз.

2.Пайдалану аяқталғаннан кейін, аспаптағы крандар мен баллондағы вентильді жабыңыз. Бөлмені жүйелі түрде желдетіңіз.

3.Баллондарды өтіп бара жатқан машиналардан, жеке үйлерден және кездейсоқ қоймалардан сатып алуға болмайды.

  1. Егер баллонды орнату кезінде газдың шығуы немесе басқа ақаулық анықталса, онда мұндай баллонды тұтынушыға орналастыруға рұқсат етілмейді.
  2. Баллонды сатып алу кезінде міндетті түрде газ шаруашылығының атауы, баллонның нөмірі, газы бар баллонның салмағы, баллон сатып алынған автомобильдің нөмірі көрсетілген чек немесе талонды талап ету қажет.

Тұрғын үйлердегі газ жабдығының сақталуы мен жарамды жай-күйі үшін олардың иелері жауапты екенін есте сақтау қажет.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.