
Глубокое ауданының ТЖБ "Тарханка орта мектеп балабақша кешені" КММ, "Опытное поле орта мектебі" КММ және "Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп" КММ ұжымдарымен бірлесіп
оқушыларға ШҚО ТЖД шығарған "Тентек пен Айя оқиғалары" судағы қауіпсіздік ережелері" мультфильмін көрсетті. Бұл оқу материалын 845 бала көрді, сонымен қатар ол ата-аналар мен балалар чаттарына да (0-11 сыныптар) таратылады.
Негізгі мақсат-балалар арасындағы жазатайым оқиғаларды азайту, оларды ықтимал апаттан сақтандыру, ең бастысы қауіпсіздік шараларына үйрету.
Глубокое ауданының ТЖБ ата-аналарға: түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру және балалардың ересектерсіз судың жанында жалғыз болуына жол бермеу қажет екендігін ескертеді.
Бейнероликті балаларға көрсетіңіз (сілтеме: https://youtu.be/VwfJjEGlVl8). Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз!