Жазатайым оқиға салдарынан жасөспірім зардап шегіп, ер адам қайтыс болды.

Жазатайым оқиға салдарынан жасөспірім зардап шегіп, ер адам қайтыс  болды.

28 шілде күні 08 сағат 52 минутта Өскемен қаласында (ШҚО)
Промышленная көшесі бойынша ЖҚС аумағындағы жанармай құюға
арналған бөшкелерді тазалау кезінде жанусыз, ауа қосындысының жарылысы
болды. Салдарынан 2010 жылы туған жасөспірімнің денесін термиялық күйік
шалып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. ШҚО ТЖД құтқарушылары
бөшкеден 1980 жылы туған ер адамның денесін алып шықты. Алдын ала
мәліметтер бойынша, ол резервуарды тазалаған және оған 2010 жылы туған
туысы көмектескен.
Жазатайым оқиғаның себептері анықталуда.