
Осындай сұрақпен өңір құтқарушылары Өскемен қаласының жағажайындағы демалушыларға жүгінді. Сонымен қатар, олар тек ауызша жауапқа қанағаттанбай, өз әрекеттерін арнайы манекенде көрсетуді сұрады.
Қызыл Жарты Ай қоғамының Шығыс Қазақстан филиалының еріктілері барлық қажетті істердің дұрыс орындалғанын қадағалады.
"Өңірде шомылу маусымында құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен демалушылар шұғыл жағдайға тап болған 11 азаматқа дер кезінде көмекке келді. Олардың қалай көмек көрсетуді білгені жақсы. Өйткені, жағдайды ушықтырмау, зардап шегушіге зиян тигізбеу өте маңызды " – деді Өскемен қ.ТЖБ аға офицері Валентин Литвиненко.
"Алғашқы көмек туралы білім және оны қолдана білу кез-келген азамат үшін маңызды. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері келгенге дейін өмірін құтқарушылардың алдында тұрған негізгі міндет. Адамды қайта тірілту мүмкіндігі қиын емес, бірақ кейбір жәйттарды ұмытпау керек. Мысалы, жәбірленушінің басын мүмкіндігінше артқа лақтырып, мұрнын жауып, жасанды тыныс алуды "ауыздан-ауызға" жасау. Жүрек массажын тікелей қолдарыңызбен жасап, оларды кеуде қуысының төменгі бөлігіне қою керек. 30 рет басу, жиілігі 1 секундта 1 басу, 2 рет тыныс алу. Дәрігерлер келгенге дейін осылай жалғастыру керек " – деп Шолпан Қасенова-Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай Қоғамы ШҚ филиалының қызметкері қағидалармен бөлісті.
Акция көрсеткендей, 10 демалушының тек 3-еуі ғана алғашқы көмек көрсету білімдерін білді, бірақ іс жүзінде олар қателіктер жіберді. Сол кезде Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚ филиалының қызметкері судан алынған адамды жан сақтандыруы бойынша мастер-класс көрсетті.
Ал судағы төтенше жағдайларға түспеу үшін құтқарушылар қажетті ұсынымдармен жадынамалар таратып, демалушылармен әңгімелесулер өткізді.
Төтенше жағдайлар кезінде "101" және "112"қоңырау шалыңыз.