
ШҚО ТЖД құтқарушылары кезекті рет жануарға көмекке келді.
Сиыр жайылымда шұңқырға түсіп кеткен. Құтқарушылар Арнат Қасенов, Әлібек Дүйсенбек, Наурызбай Алданбаев оқиға орнына келіп, оның шығуына көмектесті.
400 килограммды шығару оңай болған жоқ. Дегенмен, құтқару операциясы сәтті аяқталды.
ШҚО ТЖД жануарлардың иелеріне малдарға ие болуын ЕСКЕРТЕДІ.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.