
11.07.2022 жылы Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына 08.07.2022 жылы Ресей Федерациясының шекарасына қарай жорыққа шыққан және белгіленген уақытта - 10 шілдеде үйіне оралмаған 1995 жылы туған азаматты іздеуде көмек көрсету туралы хабарлама келіп түсті.
11.07.2022 ж. іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардан КУНГ - 66 жоғары өтімді автомобилінде 6 адам және Риддер қ. полиция бөлімінен жеке құрамның 5 адамы жіберілді.
Топ Коровиха өзеніне қарай жолсыз жермен қозғалған. 20 сағат 10 минутта жоғалған азамат Риддерден 80 шақырым жолда табылды. Жас жігіт негізгі жолмен, жаяу тәртіпте қалаға өз бетінше келе жатқан. Медициналық және психологиялық көмек оған қажет болмады. Құтқарушылар ер адамды тамақтандырып, қалаға жеткізді.
Жоғалған азаматтың сөзі бойынша, ол жолдасымен жорыққа шығып, олар түнді таулы жерде өткізген және кездесудің уақыты мен орны туралы келісіп, екі жаққа кеткен. Алайда, көрсетілген уақытқа дейін ол дұрыс емес есептеулердің салдарынан келе алмаған, сондықтан қалаға жаяу оралуға тура келген.
ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді:
Орманға, жорыққа бара жатып, қырағылық танытыңыз. Қауіпті маршрутты таңдамаңыз, орналасқан жеріңіз және қайту уақыты туралы алдын ала хабарлаңыз, зарядталған телефонды, жергілікті жердің картасын, дәрі қорабын өзіңізбен бірге алыңыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде бірден «112» нөмірі бойынша хабарлаңыз.