Облыс тұрғындары тыйым салынған жерлерде шомылуды тоқтатпайды

Облыс тұрғындары тыйым салынған жерлерде шомылуды тоқтатпайды

ШҚО ТЖД құтқарушылары дабыл қағуда, суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыстың су айдындарында 15 адам, оның ішінде 2 бала суға батып кетті.

Жаз басынан бастап ШҚО ТЖД мамандары су айдындарында 2667 рейд және патрульдеу жүргізді, нұсқамалар ұйымдастырды және демалушыларға жадынамалар мен ұсынымдар таратты. Жергілікті атқарушы органдармен қауіпті учаскелерді көрсете отырып, 314 тыйым салу белгісін орнатты. Алайда, азаматтардың суда қаза болу жағдайлары, адамдардың немқұрайлы қарауынан және ескертулерді елемеуінен.

Құтқарушылар, полицейлер мен демалушылар төтенше жағдайға тап болған 11 азаматқа дер кезінде көмекке келді.

"Біздің ұсыныстарымыз бен тыйым салу белгілеріне қарамастан, азаматтар жүз пайыз қауіп бар жерде жүзуді жөн көреді. Бұл күшті ағын, сүңгуірлермен су түбі тексерілмеген жерлер, жақын жерде құтқарушылардың болмауы",- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Полицияның қатысуымен жыл басынан бері 440 – бап "алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша - 479 азамат және 364 – бап  "Қоғамдық суды пайдалану ережелерін бұзу" бойынша-205 демалушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бірақ тәуекел жүзушілер тоқтамайды және қауіпсіздік шараларын бұза отырып жүзуді жалғастырады. Қаза тапқандардың статистикасы өсуде.

ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтарды қырағылық танытуға және демалу үшін тек шомылуға рұқсат етілген орынды таңдауға шақырады.

Су көлігін басқару кезінде кеме иелеріне: міндетті түрде құтқару кеудешелерін кию, жылдамдық режимін, маневр жасау ережелерін сақтау, сондай-ақ мас күйінде кемені басқаруға қатаң тыйым салынғанын есте сақтау қажет.

Төтенше жағдай кезінде "112"нөмірі бойынша хабарлау қажет.