Семей өңірінде өткен тәулікте 2 адам суға кетті,оның біреуі жасөспірім.

Семей өңірінде өткен тәулікте 2 адам суға кетті,оның біреуі жасөспірім.

Бірінші жағдай10 шілдеде Бобровка саяжай  ауданында болды. 1991 жылы туған ер адам отбасымен бірге шомылуға барып суға батып кеткен.

            Екінші оқиға Восточный кенті ауданында, Семипалатинка тоғанында болды, 2005 жылы туған жасөспірім достарымен суға барып батып кетті.

            Семей қ.ТЖБ қызметкерлері еріктілерді, Білім беру бөлімі мен ЖПҚ қызметкерлерін тарта отырып, судағы қауіпсіздік шаралары бойынша күн сайын профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізетінін атап өту қажет. Алайда демалушылар қауіпсіздіктің қарапайым талаптарын елемейді, бұл қайғылы жағдайларға әкеліп соғуда.

            Семей қаласының ТЖ басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін ескертеді.

            Әр адам судағы қауіпсіздік ережелерін білуі керек,

            нақты:

            - егер сіз балалармен су айдынында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балалардың суға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіз;

            - тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;

            - жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан ары жүзбеңіз;

            - жүзу құралдарын пайдалана отырып балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;

            - қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз;

            - тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз;

            - жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;

            - техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілмеңіз;

            - суға кірмеңіз және тәуліктің қараңғы уақытында шомылмаңыз;

            - суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.

 

            Құрметті азаматтар, Семей қ. ТЖ Басқармасы ескертеді: су объектілерінде жеке қауіпсіздік ережелерін елемеу сіздің өміріңіз үшін қауіпті! Есіңізде болсын Сіздің және жақындарыңыздың өмірі сіздің қолыңызда!

            ТЖ туындаған жағдайда құтқару қызметіне 112 телефоны бойынша қоңырау шалыңыз