
Шығыс Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері автокөлікте 77 өрт болды, оның 65-і жеңіл автокөліктерде. Соңғы өрт кеше Семей қаласында болды. 2014 ж.ш., "Chevrolet Сruze" маркалы автокөлігінде уақытша тұру кезінде қозғалтқыш бөлігінің жанғыш бөлшектері, аспаптар панелі, салонның ішкі қаптамасы, 4 ш. м. алаңдағы жеке заттар жанып кетті.
Көліктегі өрттердің негізгі себебі:
- көлік құралы жүйелерінің, тораптарының және механизмдерінің ақаулығы;
- көлік құралының электр жабдықтарының ақаулығы;
- көлік құралына тікелей жақын жерде өрт қауіпті от жұмыстарын жүргізу кезінде ұшқындардың, металдың қызған бөлшектерінің түсуі.
- электрмен жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.
ШҚО ТЖД автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді:
- Уақытында техникалық қызмет көрсетуден өтіңіз;
- Магнитоланы, дабылды, қозғалтқышты іске қосу алдындағы жылытқышты тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз.
- Барлық электр жабдықтарының жарамдылығын бақылаңыз.
- Қозғалтқыштың отын аппаратурасының герметикалығын, сондай-ақ жарамдылығын бақылаңыз.
- Мотор бөлігінде бөгде, жанғыш заттарды ұстамаңыз-шүберек, картон және т. б.
- Автокөлік салонында әрқашан ұнтақты өрт сөндіргіш болуы керек. Оның жарамдылық мерзімін тексеріңіз.
Өрт болған жағдайда "101" немесе "112"нөмірі бойынша хабарлаңыз.