
Бүгін түнде Өскемен құтқарушыларына жігіттің аяғына бетон плитасы құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Белгілі болғандай, жәбірленушінің достарының айтуынша, олар осы бетон тақтаның үстнде отырған, кенеттен ол құлай бастады. Бірнеше адам секіріп үлгереді, ал олардың жолдасы аяғын тартып алып үлгермей қалған.
Гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар тақтаны көтеріп, зардап шегушінің аяғын босатып, оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Ал Семей қаласының құтқарушылары жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмек көрсетті. Семей - Қалбатау тас жолының 10 шақырымында Тойота Камри автомобилі мен МАН (бензин тасушы) жүк автомобилінің соқтығысуы салдарынан жеңіл автокөлікте 5 адам қысылып қалған.
ЖҚЖ қызметкерлері келген соң, қысылған адамды куәгерлер алып шыққан екен, ал құтқарушылар арнайы құралды қолданбай, тағы 2 адамды мұқият алып шықты.
ТЖ туындаған жағдайда "101" және "112"қоңырау шалыңыз.