ТЖД қызметкерлері кірпі мен жылқыны қамаудан құтқарды

ТЖД қызметкерлері кірпі мен жылқыны қамаудан құтқарды

Бүгін Өскемен қаласының мамандандырылған жасағының құтқарушылары шұңқырға құлаған жылқыға көмекке келді.

Шақыру орнына келіп, олар қазылған траншеядан тек аппақ жылқыны ғана емес, сонымен бірге шұңқырдың барымтасына айналған кірпіні де босатты. Кеңестік "Тұмандағы кірпі" мультфильмінің кейіпкерлері жағдайдың кепілі болған тәрізді.  

Жылқыны учаскесінің иесі тауып алған. ол барлық көршілерінен кімнің жылқысы екенін сұрастырып шықса да иесі табылмағандықтан құтұарушылардан көмек сұраған екен. Ол ұорқып тұрған жауарға шелекпен су түсіріп, шөп тастап азық беріпті.

Жылқы өте асау екен. Сол себепті жануардың қамау орнынан өздігінен шығуы үшін шұңқырға тегіс түсетін жол қазып салуға тура келген.

Құтқарушылар күректерді алып, атқа шығу жолын қазып, сүйрелеп жүріп  бостандыққа шығарды. Кірпіні де алып шығып еркіне жіберді.

Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.