Төтенше жағдайлар департаментінде батылдық танытқан азаматтар марапатталды

Төтенше жағдайлар департаментінде батылдық танытқан азаматтар марапатталды

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде адмдарды құтқару кезінде батылдық танытқан азаматтарды марапаттады.  Департамент бастығы салтанатты  түрде Сухоруков Виталий, Данил Журавлев пен  Жамбыл Жаманшаловқа алғыс хаттар  берді.

Ерлан Нурпеисов, жеке құрам алдында батырларға көрсеткен қырағылығы мен батылдығы үшін алғыс білдірды.

Данил Журавлев пен Жамбыл Жаманшалов Өскемендегі Етіс өзенінде суға батып жатқан адамдаға көмекке келгенін еске саламыз. Судың қатты ағысына қарамастан жігіттер зардап шегушіге жүзіп жетіп, жағаға алып шығып, дәрігерлерге табыстаған. 

Ал Сухоруков Виталий Өскеменде қатты соққан желден Восток стадионы маңында құлаған аялдамада балаға көмекке келген.

Осындай адамдардың батылдығы мен өзара көмекке келуі құрметке ие! Өзгені құтқару үшін өз өмірін бәске тігетіндер көп емес деді ТЖ-лықтар.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі