
4 шілдеде Алтай ауданының өрт сөндірушілеріне Алтай қ.Каюпов көшесіндегі 3 қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтердің терезесінен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына келген өрт сөндірушілерді үй тұрғындары қарсы алып, түтін шыққан пәтерде адамдар болуы мүмкін екенін хабарлады.
Пәтерге терезе арқылы кіру туралы шешім қабылданды. Барлау жұмыстарын жүргізген кезде өрт сөндірушілер төсектегі жатын бөлмеден әйел, ал еденде ер адамды тапты.
Зардап шеккендер дереу түтінге оранған пәтерден эвакуацияланды: ер адам қолдарына алынды, ал әйел қолдарының астына алынды. Құтқарылғандар жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.
Үш қабатты ғимараттың қатты түтіндеген кіреберісінен бір мезгілде тұрғындар – 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.
Өрттің себебі бойынша мас күйінде темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану нұсқасы пысықталуда, өйткені пәтерде жалпы ауданы 0,5 ш. м. матрас жанып кетті.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам және 2 автоцистерна жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД тұрғын үйлердегі өрттің ең көп тараған себебі – төсекте темекі шегу екенін еске салады. Қайғылы жағдайды болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажет: тек осы үшін арнайы бөлінген орындарда темекі шегу, тасталған сіріңке, темекі тұқылдары жанып қана қоймай, бықсып кетпейтініне көз жеткізу.
Егер өртті болдырмау мүмкін болмаса, дереу "101" және "112"телефондары бойынша өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыңыз