
ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің және халықтың бірлескен күшімен өрт 5 шілдеде 05 сағат 40 минутта жойылды. Алдын ала аумағы 3000 ш.м. өрттен 4 демалыс базасы зардап шекті.
Өрт орнында ЖАО, ШҚО ТЖД, ПД, Тарбағатай ұлттық паркі және Алматы облысы ТЖД 186 адам мен 29 бірлік техника жұмылдырылды,
Өрт бірден бір ағаш үйден екіншісіне тарала бастады. Өрт сөндірушілердің және өртті сөндіруге қатысқандардың сауатты және жедел әрекеттерінің арқасында өрт тоқтатылды.
7 адам медициналық көмекке жүгінді, тексеруден кейін және алғашқы көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екендігін анықталды.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі