4 шілдеде 23 сағат 20 минутта Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шықты. Қатты соққан желден демалыс базасы мен көршілер база әп-сәтте отқа оранды. Өрт шарпыған аумақ шамамен 1000-нан аса шаршы метр. Сондай-ақ құрғақ шөп қоса жануда. Өрт сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 3 бірлік техника, жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар жұмылуда. Күштер мен құралдар бойынша жалпы ақпарат анықталуда. Демалушылар өздігінен үйлерден кетуде. Полиция жеке құрамы жақын маңдағы базаларды қоршауға алуда. Өрт орнына ШҚО ТЖД-дан қосымша 22 қызметкер мен 6 бірлік техника Ұлттық парктен 4 адам мен 1 техника келе жатыр.