Құтқарушылар суға тұншығып жатқан адамға көмекке келді

Құтқарушылар суға тұншығып жатқан адамға көмекке келді

Өскеменде Ертіс өзенінде сағат 14.10 шамасында куәгерлер суға батып бара жатқан ер адамды байқап, бірден құтқарушыларға қоңырау шалды. ШҚО ТЖД қызметкерлері моторлы қайықпен оқиға орнына жедел келіп жетті. Суда соңғы күшін жинап тырмысып жатқан 1988 жылы туған ер адам жағадан 3-4 метр қашықтықта болған. Құтқарушылар оны судан шығарып, құтқару станциясына жеткізді. Ер адамның тоңғаны соншалық тіпті сөйлей алмады. ТЖ қызметкерлері зардап шегушіге жылы шай беріп, көрпеге орап қойды. Келген жедел жәрдем дәрігерлері ер адамды тексеріп оған медициналық көмек қажет емес екендігін жеткізді.   ТЖ қызметінің оқиғаға жылдам әрекет етуі демалушының өмірі мен денсаулығын сақтап қалды.

Белгілі болғандай, ер адам "Восточник-1" бау-бақша серіктестігі ауданында рұқсат етілмеген жерде шомылған. Ол шомылған кезде оны қатты су ағысы алып кеткен. Суға батып бара жатқан адамды байқап, құтқарушыларды шақырған куәгерлерге алғыс білдіреміз.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабы бойынша белгіленбеген жерде суға түскені үшін ер адамға ескерту жасалды.

ШҚО ТЖД құтқарушылары ескертеді: мыналарға қатаң тыйым салынады!

- шомылуға белгіленбеген орындарда шомылуға;;

- суға кіруге және мас күйінде шомылуға ;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;

- жүзудің шекарасын белгілейтін белгіден тыс жүзу;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге;

ТЖ туындаған жағдайда "101" және "112"қоңырау шалыңыз.