Құтқарушылар аулада құлаған ағаштардан босатуда

Құтқарушылар аулада құлаған ағаштардан босатуда

Желдің қатты соғуы мүмкін екендігін ШҚО ТЖД дауылдық ескертулер арқылы алдын ала ескерткен болатын. Өскемен қаласында екпіні 16 м/с дейін жеткен жұлқи соққан жел салдарынан ағаштар құлады. Құтқарушылардың көмегі Гагарин бульвары мен Севастопольская көшелерінде қажет болды. Авариялық-құтқару құралдарының көмегімен ТЖ қызметкерлері қауіпті сейілтті.

ШҚО ТЖД дауылдық ескерту туралы хабарламаны Дармен қосымшасынан білуге болатынын ескертеді. Егер де дауыл жақындап қалса қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыз: көлікті ағаштардан, нашар бекіген құрылымдардан алыс қойыңыз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.