ТЖ қызметінің қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқарды

ТЖ қызметінің қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқарды

Бородулиха ауданында Большое көліндегі куәгерлер көмек сұрап айқайлаған дауыс естіп қалды. Белгілі болғандай, маңайда бір жігіт суға тұншығып жатқан екен.  Оқиға орнына Бородулиха ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері мен 21-ӨСБ жүргізушісі жедел келіп жетті. Құтқару көкірекшелерін киіп, олар бір сағат бойы су түбіндегі тамырға ілініп әрең тұрған   қиналған жігітке келіп жетті. Құтқарушылар 21 жастағы суға батып бара жатқан адамды ұстап алып, жағаға жеткізді.

Оны жедел жәрдем дәрігерлері қанағаттанарлық жағдайда алып кетті.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын еске салады:

- суға мас күйінде түспеңіз.

- табиғи жағажайлардағы шомылушылардың қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан, егер сіз демалуға жиналып, су айдынына барған кезде дұрыстап ойланыңыз.   Қандай болмасын тығырыққа тірелсеңіз кім көмекке келеді?   Құтқарушылар мен дәрігерлер тек рұқсат етілген жағажайларда болады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз