
2022 жылғы 22 маусымда 04 сағат 30 минутта Бесқарағай ауданында орман өрті оқшауланды. Өрт 21 маусымда 18 сағат 45 минутта Грачев орманшылығының Долон филиалы аумағында "Семей Орманы" МОТР Грачи ауылынан 15 км қашықтықта басталды. Шамамен ауданы 280 га құрады (оның ішінде 150 га орман аймағы және 130 га ауылдық округ жерлері). Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрттің алдын ала себебі-найзағайдың тікелей соққысы. Жоюға ШҚО ТЖД күштері 8 бірлік техника мен 37 қызметкер, орман шаруашылығынан 25 бірлік техника мен 60 қызметкері жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД табиғи өрттердің алдын алу мақсатында ЕСКЕРТЕДІ, тыйым салынады:
- орманда жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, бықсыған шүберектерді лақтыруға;
- қалың бұталар мен қылқан жапырақты жас өскіндерде, ағаштардың астында от жағу,
- орманда өздігінен жанатын материалды қалдырмаңыз: күн ыстық күндері құрғақ өсімдіктердің тұтануына әкеп соғады мүмкін майға, бензинге малынған шүберектерді және шыны ыдыстарды қалдыруға,
- желді ауа райында от жағуға және оны қараусыз қалдыруға, сондай-ақ кеткен кезде сөндірілген отты қалдыруға жол берілмеу керек.
Егер сіз өртті байқаған болсаңыз, дереу "101" нөміріне қоңырау шалыңыз