Өскеменде өрт сөндіру автомобилінің үздік жүргізушісін таңдады

Өскеменде өрт сөндіру автомобилінің үздік жүргізушісін таңдады

     Өскемендік 8 және  екі аудандық Глубокое және Ұлан бөлімдерінің өрт сөндірушілері жылдамдықты маневрлеу бойынша жарыстарға қатысты. Тәжірибелі қазылар алқасы кедергілер жолағынан өтудің жеделдігін ғана емес, сонымен қатар арнайы техника жүргізушілерінің теорияны білуін де бағалады. Жарыс екі кезеңде өтті - жол жүру ережелерін білу, кезекшілікке түсу кезінде көбік араластырғышты тексеру және жылдам маневр жасау, сорғымен су беру.

Әріптестерімен қиын күресте №10 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, азаматтық қорғау сержанты Сырым Смағұлов жеңімпаз атанды.
     «Өрт сөндіруші-жүргізушілердің бірінші кезектегі міндеті және кез келген секундта шақыртуға шығу үшін әрдайым жедел әзірлікте болу. Арнайы техниканың жағдайын міндетті түрде бақылау керек. Өрт сөндіру автомобилі жеңқұбыр желісін мүмкіндігінше жақын орналастыруға мүмкіндік беріп, қажетті қысымды жоғалтпауы үшін оқиға орнына дұрыс кіре білуі де маңызды.

Жарыстар жыл сайын өткізіледі. ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы Айдос Нүсіпбаевтың айтуынша, кәсіби шеберлік байқауы өрт сөндірушілерге өз мүмкіндіктерін тексеруге мүмкіндік береді. Өртті сөндіру кезінде көп нәрсе жүргізушінің жинақылығына және оның шеберлігіне байланысты. Оның негізгі міндеті қысқа мерзімде жеке құрамды және өрт сөндіру құралдарын ТЖ өрт болған жерге қауіпсіз жеткізу. Әсіресе, бұл қозғалыс қарқындылығын, қала жүктемесін ескере отырып, қалалық жерлерге қатысты, - Айдос Нүсіпбаев.

«Сегіздік», «бокс», «жылан», алдыңғы және артқы жүріспен жүру және басқа фигураларды барлық қатысушылар мұқият орындады. Соңғы сынақта оларға өрт жеңін тартып, жауынгерлер көмектесті. Жүргізушінің міндеті- судың қысымын қосу және оны болжанған өрт орнына жеткізу. Күнделікті дайындықтың арқасында бәрі ойдағыдай өтті.