Құтқарушылар бес қабатты үйдегі өрт кезінде 9 тұрғынды эвакуациялады

Құтқарушылар бес қабатты үйдегі өрт кезінде 9 тұрғынды эвакуациялады

Өскемен қаласында Амурская көшесіндегі 5-ші қабаттағы пәтерде өрт болды.
Оқиға орнына жедел келген №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірінші кезекте 9 тұрғынды эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келгенге дейін пәтерден 1974 жылы туған, арқасының термиялық күйігі 1 дәрежелі ер адам өздігінен шыққан, дәрігерлер тексергеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.
          Өртті сөндіруге барлығы 6 бірлік техника және жеке құрамнан 17 адам тартылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Пәтерлерде қосулы қалған электр құралдарын ешқашанда ұмытпаңыздар.
Отты абайсыз пайдалануға жол бермеңіз.
Дер кезінде бұзушылықтарды жойып  және зақымдалған электр сымдарын жөнге келтіріңіз. 
         Өрт кезінде 101 және 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.