Суға түсуге рұқсат етілмеген жағажайда кезекті жазатайым оқиға орын алды

Суға түсуге рұқсат  етілмеген жағажайда кезекті жазатайым оқиға орын алды

2022 жылғы 13 маусымда Ұлан ауданында суға түсуге рұқсат етілмеген жағажайда шамамен 18 сағат 30 минутта куәгерлер 2000 жылы туған суға батып кеткен жігіттің денесін алып шықты. Жақын маңдағы демалушы Марина Мисоченконың айтуынша, айқайды естіген кезде, олар бірнеше адам жиналған жерге жүгіріп келіп, батып кеткен адамды судың түбінен  алып шыққан.

«Біз және тағы 2 жігіт  суға батып кеткен адамға жасанды тыныс алуды жасадық, бірақ  ол есін жиған жоқ», - деді Марина Мисоченко.

 Келген жедел жәрдем дәрігерлері өлімді анықтады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жүргізуде, алдын-ала мәліметтер бойынша, жігіт өзімен бірге демалып жатқан екі қызға көмектесуге тырысқан кезде, суға батып кеткен. Оқиғаның барлық егжей-тегжейлері анықталуда.

ШҚО ТЖД суда өзін-өзі ұстау ережелері туралы ұмытпау керек  екендігін естеріңізге салады,  өйткені сіздің өміріңіз осыған байланысты.

Демалушылар мыналар рұқсат етілмейтінін есте ұстауы керек:

- суға шомылуға рұқсат етілмеген су айдындарын таңдау;

- ешбір жағдайда  алкогольдік мас күйде суға кіруге және шомылуға болмайды;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға секіру қауіпті;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге тыйым салынады;

- тәуекелге бармаңыз және өз күшіңізді есептемей алысқа жүзбеңіз.