
Жануарлар тәуелсіз және олардың өміріне қажетті барлық инстинкттер табиғатпен олардың қанына енген деп саналады. Алайда урбанизация және жаһандану кезеңінде инстинкттер оларды сәтсіздікке ұшыратып, адамдардың көмегінсіз «төрт аяқты достарымыздың» шығуы мүмкін емес жағдайларға алып келеді.
Курчатов қаласының «101» желісіне қала ғимараттарының бірінің жертөле қабатының терезе ойығының алдындағы кеңістікте тұрып қалған жылқы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірге құтқару арқанының көмегімен жануарды «тұзақтан» шығарып алды.
Жылқы малы ауыр болғандықтан, оны бес адам болып шығарды, құтқару операциясы сәтті өтті. Жануар зардап шеккен жоқ.
ТЖ туындаған жағдайда «101» және «112» қоңырау шалыңыз.